Архив рубрики «СМИ о нас»
Интервью Ержаса Болтаева
Ержас Болтаев, личный тренер двукратного олимпийского чемпиона Ильи Ильина, рассказал, на что делался упор при подготовке нашего знаменитого тяжелоатлета к главному старту четырёхлетия.
– Для тренировок Ильина была выбрана тяжелоатлетическая база во Франкфурте, – поделился Ержас Болтаев с корреспондентом интернет-портала sk-sport.kz, – современный спортивный комплекс со всем необходимым. Там-то и был заложен фундамент будущего олимпийского чемпионства.
Многие считают Ильина некой машиной по производству побед, однако и у такого талантливого спортсмена мы выявили ряд минусов, связанных с предыдущими схемами подготовки. К примеру, оказалось, что у Ильи слабые локтевые суставы, поэтому он технически неверно «рвал» штангу. В это сложно поверить, но в жиме лёжа казахстанец брал на грудь всего 90 килограммов. Кроме того, мы дополнительно укрепили поясницу, пресс и боковые мышцы живота, после чего Ильин стал справляться со снарядом более уверенно. Определённые упражнения позволили разгрузить спину на 20 процентов.
Отдельно мы пригласили тренера по плаванию. Не скажу, что Илья раньше плохо плавал, но если раньше он проплывал всего 200 метров, то теперь каждый день выдавал результат в два километра.
После полутора часов тренировок он выходил из спортзала как выжатый лимон, но зато его результаты стали расти. Интересно, что если раньше частота подхода к штанге у него была 50-55 секунд, то теперь Ильин мог поднимать штангу через 30-40 секунд.
Также мы обратились к австрийскому специалисту по спортивному питанию. Методика Нейлингера довольно проста. Рацион питания основан на супах и овощах. Нельзя есть жирное, жареное, а мясо употреблять только в варёном виде.
Немаловажное значение мы отдавали и растяжению позвоночника, используя для этого казахскую гимнастику Айкуне. Она заставляет работать глубокие «ленивые» мышцы позвоночника. Мягкое растяжение позвоночника позволяет освободить зажатые нервные корешки. Также укрепляются внутренние мышцы и связочный аппарат позвоночника, туловища, тазовой области, верхних и нижних конечностей.
Эта комплексная работа окупилась сторицей в Лондоне. К следующей Олимпиаде Ильин готов бороться за золото в более тяжёлой весовой категории. На тренировках он берёт веса, рассчитанные на категорию до 105 килограммов. Думаю, нынешние соперники Ильи (в категории до 94 кг) обрадуются этому факту, ведь они уже давно в полушутливой форме просят Ильина перейти в другой вес.
МАЛАХОВ+: Естественное оздоровление
Наш следующий герой считает, что самое лучшее очищение для нашего организма, это 20 минут делать правильные упражнения. Встречайте, у нас в гостях специалист по естественному оздоровлению, Абай Баймагамбетов.
Моя бабушка целительница, травница. Главное, она оставила мне умение чувствовать болезнь и находить пути решения.
Как вы пришли к очистительной гимнастике?
- всё просто. Если мы говорим об очищении организма, то не стоит забывать, что внутренние органы находятся между рёбрами. Спереди их грудина, сзади их позвоночник. Если мы говорим об органах малого и большого таза, то и здесь некая такая лоханка – таз, в котором находятся органы. Если мы говорим брюшной полости, то снизу это тазовая область, сверху грудная клетка.
И вот соотношение грудной клетки, тазовой области, брюшной полости с точки зрения упражнений, и держания позвоночника в норме. Поддержания диафрагмой,… или как раньше на Руси говорили «золотник»,… если пупок подтянут, расстояние между пупком и позвоночником в норме, тогда нет давления на печень, на желудок. Соответственно органы подреберья меньше нагружены.
Т.е. надо научиться держать каркас
- да. И для того чтобы научиться держать каркас, нужно научиться управлять мышцами.
А сейчас мы сделаем упражнения для очищения организма. Для этого нужно запомнить три правила.
1) Первое – чтобы не было нагрузки на паховую область.
Если мы ссутулились, если живот у нас вывалился, происходит сдавливание паховой области.
Поэтому мы выпрямляем позвоночник, расправляем плечи, подтягиваем живот. Лопатки и ключицы немножко расходятся в стороны.
У красивой стройной женщины между ключицами есть ямочка,… это как показатель здоровья в какой-то степени.
2) Второе правило – освободить брюшную область, диафрагму
3) И третье, чтобы плечи были свободные.
Как правило, зачастую бывают головные боли,… и проблемы с лёгкими.
Это, как правило, связано с тем, что воротниковая зона, шейный отдел позвоночника находятся в режиме напряжения.
Источник: http://malahov-plus.com/otrivok/ochicshenie/plus15/4170-uprazhneniya-dlya-ochischeniya-organizma.html
МАЛАХОВ+: Упражнения для очищения организма
Упражнение.
Итак, мы продолжаем выгибать позвоночник. А руки вытягиваем вперёд, располагая их на ширине плеч. И сильно напрягаем кисти. Так чтобы было напряжение между кистью, запястьем, предплечьем, плечом.
Т.е. сильно напрягли позвоночник, и сильно напрягли руки.
Теперь мы поднимаем кисти рук: ладони от себя, пальцы сильно сомкнуты, смотрят вверх. И тянем руки вперёд так, как будто мы отталкиваемся от чего-то. Продолжаем выгибать позвоночник (голову всегда держим прямо).
И сохраняя это натяжение рук, медленно поднимаем их вверх до упора. И 5-7 раз с силой отклоняем их назад. Через, даже, боль.
Голову держим прямо (замечание)
Вы почувствуете изменения, особенно в дыхании и в осанке. И хочется подтянуть всё!
(!) Это был фрагмент программы от 31-03-2010.
Теги: упражнения-во, осанка, лучшее
Источник: http://malahov-plus.com/otrivok/ochicshenie/plus15/4170-uprazhneniya-dlya-ochischeniya-organizma.html
Замана баспа үйі
35.05.2012 10.49
АБАЙ БАЙМАҒАМБЕТОВ: «АЙКӨНЕ» — ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ ФИТНЕС — ПСИХОТЕХНОЛОГИЯСЫ…»
Ағаш тамырынан, жер күннен нәр алады десек, табиғат ананың төл перзенті – жұмыр басты пенде қашанда тән саулығының кілтін өзін қоршаған ортадан іздегені әлімсақтан белгілі. Сондықтан да болар, арғы-бергі тарихта адамның он екі мүшесі мен дене мәдениетінің үйлесімінің құпия сырын ашуға талпынӨғандар саны жетіп-артылады. Біреулер ашығу, біреулер психологиялық тренингтер арқылы, енді бір топ рух күшін шыңдау арқылы.
Жалпы, өмірдің қай саласында да әркімнің діттеген ісінде үлкен жетістіктерге қол жеткізуі оның орта мектепте немесе жоғарғы оқу орнында алған білімімен шектелмесе керек. Біздің бұл сөзіміздің жарқын дәлелі – өз бетінше ізденуі арқылы каратэ, кун-фу, айкидо, таэквондо секілді жекпе-жек түрлерін әлемдік деңгейге таныта алған осы өнердің хас шеберлері. Түрлі атауға ие болғанымен, әрі спорт, әрі теңдесі жоқ өнер саналатын, арғы тегінде адамның ерік-күші мен тәни күшін барынша теңестіруге жетелейтін шығыс жекпе-жегі мен адамның рухын жетілдірудегі йоганың орны ерекше.
Мәселен, біздің дәуіріміздің үшінші ғасырында Үндістанда негізін әйгілі Патанджале қалаған йога өнеріне 1800-жылдай уақыт өтсе де, осы «йога» сөзі бірден – Үндістанды, ал бүгінде 23 ғасырлық тарихы бар каратэ – Жапонияны, 25 ғасырлық тарихы бар у-шу, кун-фу, тайцицуан – Қытай елін көз алдыңа әкелеріне ешкімнің дауы жоқ.
Біздің кейіпкеріміз де соңғы жиырма жыл бойы өз бетінше іздену арқылы «Айкөне» – қазақ гимнастикасы» атты дене жаттығуларының өзгеше әдіс-тәсілдерін құрастырып, оны барынша жетілдіре білген, осы саладағы алғашқы жетістіктеріне Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында қол жеткізген Абай Баймағамбетов.
Осы кезге дейін жат жерде жүрсе де осынау атаулы жобасы арқылы елімізді әлемге танытуды көздеген қазақ жігітін өз елінде екінің бірі біле бермейді. Ендеше, бүгінгі таңда өз мектебін қалыптастырған, жақында Алматы қаласына қоныс аударған жерлесіміз Абай Баймағамбетовтың осы тұрғыдағы атқарған істері мен алдағы жоспарлары турасында әңгіме тарқатудың реті келген секілді…
Сұрақ: – Бұл өмірде кездейсоқ еш нәрсе болмайды. Сіздің де бұл іске бет бұруыңыз тегіннен-тегін емес шығар деп ойлаймын.
Абай Баймағамбетов: – Мен Кереку жерінің тумасымын. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін Павлодардың С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті мен индустриалды институтына оқуға түсіп, әрқайсысында бір-бір семестрден оқып, өз бетіммен тастап кетіп отырдым.
Ашығын айтайын, сол кездің өзінде-ақ мен ішкі түйсігім арқылы кім-кімге де адамның жалпы феномен ретіндегі потенциялы, жан мен тән тазалығы үйлесім тауып, бір арнаға тоғысқан кезде ғана кемелдене түсетінін сезетінмін. Менің жоғарғы оқу орындарын аяқтамауыма да түрткі болған осы жайттер деуге болады.
1985–87-ші жылдар аралығында Ауғанстанның Кабул қаласында қатардағы жауынгер ретінде азаматтық борышымды өтеп жүрген тұста, Ауған соғысына куәгер болуымның өзі менің алдыма бірқатар мақсаттарды қоюыма себепкер болды. Мені бала кезімнен бастап қатты еліктірген спорт түрі – шығыс жекпе-жегі. 15 жасымнан бастап өз бетімше осы шығыс жекпе-жегімен айналысып, артынша әскер қатарында оны одан әрі жалғастырдым.
Әскерден келгеннен кейін 1987–92-ші жылдар аралығында каратэмен айналыстым. Мен ұзақ жылдар бойы аталмыш спорт түрімен тек қана өзім үшін айналыстым. Сайыстарға қатысып, чемпиондық титул алайын деген мақсат қойған жан емеспін. Менің авторлық жобам ретінде танылған «Айкөне» немесе «Қазақ гимнастикасының» түп-төркінінде халқымыздың атадан балаға мирас болып қалған сынықшылық өнерінің ұшығы жатыр. Өз басым 1992-ші жылдан бастап, емшіліктің аса бір күрделі саласы – сынықшылық өнерімен айналысып, төрт жылдай өзімді өзім тану негізінде жеке ізденісте болдым. Менің бұл жолды таңдауыма, ұлы атам Әбсәләмнің атақты сынықшы, нағашы атам Әбдүлмәліктің де емшілікпен айналысқандықтары тікелей әсер етті деп ойлаймын. Қалай болғанда да мен олардың ұрпағымын ғой, сондықтан да менің бойымда қанмен келген осы сынықшылыққа деген бейімділік те бар.
Бұл методикаға түбегейлі бет бұрғаным, біріншіден, шынығу арқылы, денемді үнемі бір қалыпты ұстауға деген талпыныс болса, екіншіден, түрлі ауру-сырқаулардан өз бетімше айығу амалы, үшіншіден, қарапайым пенде ретінде жан-дүниемдегі бірқатар кеселдерден арылу яғни рух күшін шыңдауға деген құштарлығымнан туындады. Сан жылғы төгілген тер мен жанкешті жаттығулар өз нәтижесін берді. Еш дәрісіз, еш дәрігерсіз түрлі ауру-сырқаулардан құлан-таза айықтым. Бүгінде әр адамның бойында өзін-өзі емдеп, шынықтыра алатын табиғи мол потенциал бар екеніне көзім толық жетті.
Сұрақ: – Спорттың айтулы бір саласы – гимнастиканың алатын орны ерекше. Әуелден-ақ «Спорттық гимнастика», «Көркем гимнастика», «Суда жүзу гимнастикасы» деген дәстүрлі атауға ие аталмыш спорт түрлерінен сіздің авторлық жобаңыздың басты айырмашылығы неде? «Айкөне» деп айдар тағып, оны «Қазақ гимнастикасы» деп даралауыңыздың белгілі бір себебі бар ма?
Абай Баймағамбетов: – «Айкөне» атауы, «Ай» және «Көне» деген екі сөзден құралған. Оның отаны – өзімнің кіндік қаным тамған Кереку өңірі деуге болады. Менің бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы әдіс-тәсілімнің басты ерекшелігі де, біріншіден, дене мәдениетін қалыптастырумен қатар, адамның өзін-өзі тануына да септігін тигізбек.
Жалпы, адамның дене мүшелерінің үнемі тұрақты қалыпты болуы, ешбір ауруға бой алдырмауы, түптеп келгенде оның ең алдымен өзін-өзі тануына деген ықыласына байланысты. Сонау 1998-ші жылы «Айкөне» бойынша алғашқы алты жаттығуымды құрастырдым. Оны алғаш рет Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарына көрсеттім. Сол кездегі валеология саласы мамандарының тарапынан да қолдау таптым.
Мәселен, «Цгун» жолын ұстанушылардың басты ұстанымы адамның өз бойындағы энергиясы арқылы қозғалысты қалыпқа келтіру немесе тепе-теңдікте ұстау болса, «Айкөненің» басты өзгешелігі ең басты деген үш ерекшелікті қамтиды. Атап айтқанда, сананың өзгеріске ұшырауы арқылы адам трансқа ене отырып, өз жан-дүниесіне өзі үңіле алады, өзін-өзі тыңдайды, өз денесінің мүмкіндіктерін өзі басқара алатындай деңгейге жетеді.
Яғни бұл түптеп келгенде адам баласына жан-дүниеңді аш, ақтар, ақиқатты айт дегенді меңзейді. Бұл менің жеке іс-тәжірибемде сан рет тексеруден өткен және де барынша қомақты нәтижесін берген методика деуге болады. Мәселен, кез-келген спортшының сайысқа түсерде ашылатын екінші демі болса, әскердегілердің әскери даярлықта ерекше рухы оянады, ал сахнадағы әртістің өзіне тән харизмі болады ғой, бұл да сол секілді. Менің қойған басты мақсатым, өзім емделе отырып, осы жаттығулар арқылы адам тәні мен жанының әлі де тасада жатқан, ашылмаған мүмкіндіктерін паш ету.
Жоғарыда өзіңіз атап өткен дәстүрлі гимнастика түрлері тек қана адамның дене мүмкіндіктерін шыңдаса, қазақ гимнастикасының түп-төркінінде туған халқымыздың ұмытыла бастаған дәстүрлері де бар. Қазірде біз Айкөненің басты символын шаңырақ бейнесінде алсақ, бұған қатысушылардың киетін костюмдері де қазақи үлгіде.
Сондай-ақ, бүгінде тексеруден өткен жаттығулар саны біразға жетті. Мойынға, басқа, белге, бел омыртқасына, қол, аяқ бұлшық еттеріне арналған түрлі жаттығу түрлеріне болашақта қазақ руларының аттарын қоюды мақсат тұттым. Бұдан «Дене жаттығуларына ру мен жүздің қанша қатысы бар?» деген сауалдың туындайтыны әбден заңды. Менің басты мақсатым – әр ұлттың өкілі болашақта осы жаттығуларды жасай отырып, қазақ халқының тарихына үңілсін, туған халқымыздың құндылықтарын бағалай білсін, жалпы, қазақты әлем танысын деген ойға саяды.
Сұрақ: – «Қазақ гимнастикасы» деп ат қойып, айдар тағып, оны Қазақстанда емес, өзге елде дәріптеуіңіздің мәнісін түсіне алмадық…
Абай Баймағамбетов: – Өзім орыс мектебінде оқып, орысы көп жерде өсіп-өнгендіктен бұл жаттығулардың барлығын бірден қазақшалау маған қиынға соқты. Сондықтан да тәуекелге бел буып, 2003-ші жылы бірден Санкт-Петербургке жол тарттым. Менің қолымдағы халық емшісі ретіндегі заңды дипломым бұл жерде біраз медициналық орталықтардың есігінен именбей енуіме себепкер болды. Сол жылы ондағы айтулы спортшылар мен тренерлер, емдеу-сауықтыру орталықтары мамандарының алдында «Айкөне» авторлық жобасының таныстырылымын өткізіп, қолдау таптым. Арнайы сараптамадан өтіп, заңды патент алдым. Бұдан кейін менің бастамама қызығушылық танытқан жандармен бірге Санкт-Петербургте шағын орталық ашып, жеке де, топтармен де жаттығу жұмыстарын жүргіздім.
Келе-келе Санкт-Петербург Мемлекеттік педиатриялық медициналық академиясының профессоры Г.Сусловпен, В.Бехтерев атындағы ғылыми-зерттеу институтының профессоры, медицина ғылымының докторы В.Слезинмен бірлесе отырып, «Айкөне» – қазақ гимнастикасының ғылыми-медициналық тұжырымдамасын да әзірледік. Мен мұнымен ғана шектеліп қоймай, 2006-шы жылы Мәскеуде де тағы бір орталық аштым.
Сұрақ: – Сіздің аталмыш жобаңызды қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жаңа технология деуге негіз бар ма?
Абай Баймағамбетов: – «Айкөне» – қазақ гимнастикасының бастау алғанына биыл он жылдан асты. Бүгінде бұл ҚР Денсаулық сақтау және спорт министрлігінің сараптамасынан өткен жаңа технология. Қазірде аталмыш жаттығу түрлеріне қатысушылар мен нұсқаушылардың жас мөлшерлері де, мамандықтары да әрқилы. Олардың арасында қатардағы спортшылармен қатар әлемдік аренада ел намысын қорғаған, сол жолда буын, бел омыртқа ауруларына шалдыққан және осы жаттығулар арқылы айыққан спорт майталмандары да бар. Айтулы спортшыларымызды сайыстарда жеңіске жетуге жетелейтін басты факторлар, атап айтқанда, олардың бұлшық еттері мен буын жүйелерінің қызуы толыққанды болмауы салдарынан оның арты түрлі жарақаттарға әкелетіні сөзсіз. Адамның тірек – қозғалыс аппаратындағы ақаулықтар, мәселен, спортшылардың жаттығу кезінде өздері де байқай бермейтін буынға тұз жиналу, құяң, сіңірдің созылуы секілді кеселдердің алдын-алуда қазақ гимнастикасының ролі зор.
Жалпы, «Айкөне» жаттығулары тұтастай алғанда, адамның бұлшық еттерінің қалыпты жиырылу принципін басшылыққа алып, оның ерік-жігерін бір арнаға тоғыстыра отырып жүргізілетін ерекше динамикалық жаттығулардың жиынтығы. Нақтырақ айтсақ, жаттығулардың түрлері иілу, бүгілу, аяқтың қырымен, өкшемен бірнеше минут тоқтаусыз жүру, екі аяқты иықтың деңгейінде қойып отырып, белгілі бір уақыт аясында омыртқаны шынықтыру, кеудені кере, кең тыныста дем алып, оны баяу қайтадан кері шығара білу, ойды бір арнаға тоғыстырып, жағымсыз эмоциядан арылу секілді түр-түрге бөлініп кете береді.
Бүгінгі таңда мұндай жаттығулардың саны 1000-ға дейін жетті. Аталмыш қазақ гимнастикасымен жеке немесе топ болып та арнайы инструкторлардың нұсқауымен айналысуларына кез келген жанның мүмкіндігі бар.
Сұрақ: – Сіздің туған жерге оралуыңыз бұл бастамаңыздың тың парақтарының ашылуына деген тағы бір талпынысыңыз деуге болатын шығар?
Абай Баймағамбетов: – Алматыда негізгі орталығымызды ашып, осы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жүргізудеміз. Тағы бір бөлімшемізді Павлодарда аштық. Біздің орталыққа келушілерді жаттықтыратындар – жоғары білімді нұсқаушылар.
Қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің әлеуметтік факультетінің денешынықтыру және спорт кафедрасымен бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Айкөнені білім беру жүйелеріне енгізу турасында да мәселелер талқылануда. Бұл жобаны мен болашақтың жобасы, тұтастай «фитнес-психотехнология» деп атар едім, өйткені ол өз тұрғысында адам ағзасы мен санасын қалыпқа келтірумен ғана емес, сонымен қатар жан иесінің өмірге деген көзқарасының, таным-түсінігінің жаңарып, жаңғыруына, психологиялық кереғар пікірлерінен арылуына, эгоистік пиғылдарының тамырына түбегейлі балта шабылуына ықпал ете алуымен де ерекшеленбек.
– Әңгімеңізге рахмет. Ісіңізге сәттілік тілейміз.
Арай Сахариева
Ақпарат дерекнамасы: http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/5143-2012-05-31-04-56-29.html
Олимпийский чемпион Илья Ильин и депутат мажилиса Мурат Абенов начинают свой день с гимнастики Айкуне…
Мурат Абенов — видный казахстанский общественный деятель, активный депутат мажилиса парламента РК IV—V созывов и просто патриот своей Родины. Каждое утро своего дня он уделяет определенное время своему здоровью, посещая тренажерный зал для упражнения своего тела, но прежде чем приступить к силовым нагрузкам, он занимается казахской гимнастикой Айкуне. Сам он объясняет это так: «-Это Айкуне, гимнастика по-казахски. Она разработана специально для наших граждан. Это специальная программа для подготовки спортсменов.» Как видите, депутат мажилиса придает казахской гимнастике Айкуне важное значение, включая возможность ее использования в спорте высших достижений Казахстана.
Первый шаг для реализации такой возможности уже сделан. К примеру, Олимпийский чемпион по тяжелой атлетике Илья Ильин, который на видео демонстрирует упражнения «Шапрашты» и «Адай» из комплекса гимнастики Айкуне. Из его биографии известно, что Илья получал травму позвоночника во время очередного рывка, вследствие чего тяжелые нагрузки стали противопоказаны. Но по воле счастливого случая ему встретился автор методики Айкуне, Абай Баймагамбетов, который уверял, что за 5 дней спортивная форма спортсмена может восстановиться, что казалось сомнительным, даже невыполнимым.
С первых же занятий Илья отзывался о гимнастике положительно, отмечая ощутимые изменения, а после 3 занятий гимнастикой при дополнительном соблюдении диеты результат был виден налицо: Илья поднял вес в размере 185 кг, уже не думая о бывшей травме. Илья Ильин признался в интервью для «Казахстанской правды», что эти упражнения были включены в подготовку к соревнованиям:
«-Основа в подготовке к турнирам одна. Секретов нет. Мы просто сделали небольшие новации, кое-что усовершенствовали, добавили в техническом плане небольшие изменения и упражнения. Для того чтобы мои руки привыкли к новому движению. <…> Прежде слабая левая рука теперь технически делает правильное движение. Раньше налегал на классические упражнения, то есть рывок, толчок, приседание. У меня были ноги сильные, а руки слабые. Добавили упражнения, чтобы одно было в соответствии с другим. И сегодня у меня организм работает как одно целое. И от этого появились хорошие результаты.»
Просмотреть видео полностью можно по ссылке: http://www.elarna.kz/rus/programs/archive/video/1091.html
Зарядка по-новому — сюжет от телеканала Алматы
Еженедельно каждое воскресенье в городе Алматы проводится массовая гимнастика Айкуне, вход свободный. Народное Айкуне приглашает всех желающих на гимнастику под руководством Абая Емши и инструкторов.
Место и время проведения
Возле гостиницы «Казахстан» (со стороны памятника Абая возле главного фонтана) — С 10.00 до 11.00
Айкуне для казахстанских батыров — интервью для Caspionet.
Возможность использования технологии Айкуне на службе здоровья спортсменов высокой квалификации.












