Ержас Болтаев, личный тренер двукратного олимпийского чемпиона Ильи Ильина, рассказал, на что делался упор при подготовке нашего знаменитого тяжелоатлета к главному старту четырёхлетия.
– Для тренировок Ильина была выбрана тяжелоатлетическая база во Франкфурте, – поделился Ержас Болтаев с корреспондентом интернет-портала sk-sport.kz, – современный спортивный комплекс со всем необходимым. Там-то и был заложен фундамент будущего олимпийского чемпионства.
Многие считают Ильина некой машиной по производству побед, однако и у такого талантливого спортсмена мы выявили ряд минусов, связанных с предыдущими схемами подготовки. К примеру, оказалось, что у Ильи слабые локтевые суставы, поэтому он технически неверно «рвал» штангу. В это сложно поверить, но в жиме лёжа казахстанец брал на грудь всего 90 килограммов. Кроме того, мы дополнительно укрепили поясницу, пресс и боковые мышцы живота, после чего Ильин стал справляться со снарядом более уверенно. Определённые упражнения позволили разгрузить спину на 20 процентов.
Отдельно мы пригласили тренера по плаванию. Не скажу, что Илья раньше плохо плавал, но если раньше он проплывал всего 200 метров, то теперь каждый день выдавал результат в два километра.
После полутора часов тренировок он выходил из спортзала как выжатый лимон, но зато его результаты стали расти. Интересно, что если раньше частота подхода к штанге у него была 50-55 секунд, то теперь Ильин мог поднимать штангу через 30-40 секунд.
Также мы обратились к австрийскому специалисту по спортивному питанию. Методика Нейлингера довольно проста. Рацион питания основан на супах и овощах. Нельзя есть жирное, жареное, а мясо употреблять только в варёном виде.
Немаловажное значение мы отдавали и растяжению позвоночника, используя для этого казахскую гимнастику Айкуне. Она заставляет работать глубокие «ленивые» мышцы позвоночника. Мягкое растяжение позвоночника позволяет освободить зажатые нервные корешки. Также укрепляются внутренние мышцы и связочный аппарат позвоночника, туловища, тазовой области, верхних и нижних конечностей.
Эта комплексная работа окупилась сторицей в Лондоне. К следующей Олимпиаде Ильин готов бороться за золото в более тяжёлой весовой категории. На тренировках он берёт веса, рассчитанные на категорию до 105 килограммов. Думаю, нынешние соперники Ильи (в категории до 94 кг) обрадуются этому факту, ведь они уже давно в полушутливой форме просят Ильина перейти в другой вес.
More
35.05.2012 10.49
АБАЙ БАЙМАҒАМБЕТОВ: «АЙКӨНЕ» — ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ ФИТНЕС — ПСИХОТЕХНОЛОГИЯСЫ…»
Ағаш тамырынан, жер күннен нәр алады десек, табиғат ананың төл перзенті – жұмыр басты пенде қашанда тән саулығының кілтін өзін қоршаған ортадан іздегені әлімсақтан белгілі. Сондықтан да болар, арғы-бергі тарихта адамның он екі мүшесі мен дене мәдениетінің үйлесімінің құпия сырын ашуға талпынӨғандар саны жетіп-артылады. Біреулер ашығу, біреулер психологиялық тренингтер арқылы, енді бір топ рух күшін шыңдау арқылы.
Жалпы, өмірдің қай саласында да әркімнің діттеген ісінде үлкен жетістіктерге қол жеткізуі оның орта мектепте немесе жоғарғы оқу орнында алған білімімен шектелмесе керек. Біздің бұл сөзіміздің жарқын дәлелі – өз бетінше ізденуі арқылы каратэ, кун-фу, айкидо, таэквондо секілді жекпе-жек түрлерін әлемдік деңгейге таныта алған осы өнердің хас шеберлері. Түрлі атауға ие болғанымен, әрі спорт, әрі теңдесі жоқ өнер саналатын, арғы тегінде адамның ерік-күші мен тәни күшін барынша теңестіруге жетелейтін шығыс жекпе-жегі мен адамның рухын жетілдірудегі йоганың орны ерекше.
Мәселен, біздің дәуіріміздің үшінші ғасырында Үндістанда негізін әйгілі Патанджале қалаған йога өнеріне 1800-жылдай уақыт өтсе де, осы «йога» сөзі бірден – Үндістанды, ал бүгінде 23 ғасырлық тарихы бар каратэ – Жапонияны, 25 ғасырлық тарихы бар у-шу, кун-фу, тайцицуан – Қытай елін көз алдыңа әкелеріне ешкімнің дауы жоқ.
Біздің кейіпкеріміз де соңғы жиырма жыл бойы өз бетінше іздену арқылы «Айкөне» – қазақ гимнастикасы» атты дене жаттығуларының өзгеше әдіс-тәсілдерін құрастырып, оны барынша жетілдіре білген, осы саладағы алғашқы жетістіктеріне Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында қол жеткізген Абай Баймағамбетов.
Осы кезге дейін жат жерде жүрсе де осынау атаулы жобасы арқылы елімізді әлемге танытуды көздеген қазақ жігітін өз елінде екінің бірі біле бермейді. Ендеше, бүгінгі таңда өз мектебін қалыптастырған, жақында Алматы қаласына қоныс аударған жерлесіміз Абай Баймағамбетовтың осы тұрғыдағы атқарған істері мен алдағы жоспарлары турасында әңгіме тарқатудың реті келген секілді…
Сұрақ: – Бұл өмірде кездейсоқ еш нәрсе болмайды. Сіздің де бұл іске бет бұруыңыз тегіннен-тегін емес шығар деп ойлаймын.
Абай Баймағамбетов: – Мен Кереку жерінің тумасымын. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін Павлодардың С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті мен индустриалды институтына оқуға түсіп, әрқайсысында бір-бір семестрден оқып, өз бетіммен тастап кетіп отырдым.
Ашығын айтайын, сол кездің өзінде-ақ мен ішкі түйсігім арқылы кім-кімге де адамның жалпы феномен ретіндегі потенциялы, жан мен тән тазалығы үйлесім тауып, бір арнаға тоғысқан кезде ғана кемелдене түсетінін сезетінмін. Менің жоғарғы оқу орындарын аяқтамауыма да түрткі болған осы жайттер деуге болады.
1985–87-ші жылдар аралығында Ауғанстанның Кабул қаласында қатардағы жауынгер ретінде азаматтық борышымды өтеп жүрген тұста, Ауған соғысына куәгер болуымның өзі менің алдыма бірқатар мақсаттарды қоюыма себепкер болды. Мені бала кезімнен бастап қатты еліктірген спорт түрі – шығыс жекпе-жегі. 15 жасымнан бастап өз бетімше осы шығыс жекпе-жегімен айналысып, артынша әскер қатарында оны одан әрі жалғастырдым.
Әскерден келгеннен кейін 1987–92-ші жылдар аралығында каратэмен айналыстым. Мен ұзақ жылдар бойы аталмыш спорт түрімен тек қана өзім үшін айналыстым. Сайыстарға қатысып, чемпиондық титул алайын деген мақсат қойған жан емеспін. Менің авторлық жобам ретінде танылған «Айкөне» немесе «Қазақ гимнастикасының» түп-төркінінде халқымыздың атадан балаға мирас болып қалған сынықшылық өнерінің ұшығы жатыр. Өз басым 1992-ші жылдан бастап, емшіліктің аса бір күрделі саласы – сынықшылық өнерімен айналысып, төрт жылдай өзімді өзім тану негізінде жеке ізденісте болдым. Менің бұл жолды таңдауыма, ұлы атам Әбсәләмнің атақты сынықшы, нағашы атам Әбдүлмәліктің де емшілікпен айналысқандықтары тікелей әсер етті деп ойлаймын. Қалай болғанда да мен олардың ұрпағымын ғой, сондықтан да менің бойымда қанмен келген осы сынықшылыққа деген бейімділік те бар.
Бұл методикаға түбегейлі бет бұрғаным, біріншіден, шынығу арқылы, денемді үнемі бір қалыпты ұстауға деген талпыныс болса, екіншіден, түрлі ауру-сырқаулардан өз бетімше айығу амалы, үшіншіден, қарапайым пенде ретінде жан-дүниемдегі бірқатар кеселдерден арылу яғни рух күшін шыңдауға деген құштарлығымнан туындады. Сан жылғы төгілген тер мен жанкешті жаттығулар өз нәтижесін берді. Еш дәрісіз, еш дәрігерсіз түрлі ауру-сырқаулардан құлан-таза айықтым. Бүгінде әр адамның бойында өзін-өзі емдеп, шынықтыра алатын табиғи мол потенциал бар екеніне көзім толық жетті.
Сұрақ: – Спорттың айтулы бір саласы – гимнастиканың алатын орны ерекше. Әуелден-ақ «Спорттық гимнастика», «Көркем гимнастика», «Суда жүзу гимнастикасы» деген дәстүрлі атауға ие аталмыш спорт түрлерінен сіздің авторлық жобаңыздың басты айырмашылығы неде? «Айкөне» деп айдар тағып, оны «Қазақ гимнастикасы» деп даралауыңыздың белгілі бір себебі бар ма?
Абай Баймағамбетов: – «Айкөне» атауы, «Ай» және «Көне» деген екі сөзден құралған. Оның отаны – өзімнің кіндік қаным тамған Кереку өңірі деуге болады. Менің бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы әдіс-тәсілімнің басты ерекшелігі де, біріншіден, дене мәдениетін қалыптастырумен қатар, адамның өзін-өзі тануына да септігін тигізбек.
Жалпы, адамның дене мүшелерінің үнемі тұрақты қалыпты болуы, ешбір ауруға бой алдырмауы, түптеп келгенде оның ең алдымен өзін-өзі тануына деген ықыласына байланысты. Сонау 1998-ші жылы «Айкөне» бойынша алғашқы алты жаттығуымды құрастырдым. Оны алғаш рет Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарына көрсеттім. Сол кездегі валеология саласы мамандарының тарапынан да қолдау таптым.
Мәселен, «Цгун» жолын ұстанушылардың басты ұстанымы адамның өз бойындағы энергиясы арқылы қозғалысты қалыпқа келтіру немесе тепе-теңдікте ұстау болса, «Айкөненің» басты өзгешелігі ең басты деген үш ерекшелікті қамтиды. Атап айтқанда, сананың өзгеріске ұшырауы арқылы адам трансқа ене отырып, өз жан-дүниесіне өзі үңіле алады, өзін-өзі тыңдайды, өз денесінің мүмкіндіктерін өзі басқара алатындай деңгейге жетеді.
Яғни бұл түптеп келгенде адам баласына жан-дүниеңді аш, ақтар, ақиқатты айт дегенді меңзейді. Бұл менің жеке іс-тәжірибемде сан рет тексеруден өткен және де барынша қомақты нәтижесін берген методика деуге болады. Мәселен, кез-келген спортшының сайысқа түсерде ашылатын екінші демі болса, әскердегілердің әскери даярлықта ерекше рухы оянады, ал сахнадағы әртістің өзіне тән харизмі болады ғой, бұл да сол секілді. Менің қойған басты мақсатым, өзім емделе отырып, осы жаттығулар арқылы адам тәні мен жанының әлі де тасада жатқан, ашылмаған мүмкіндіктерін паш ету.
Жоғарыда өзіңіз атап өткен дәстүрлі гимнастика түрлері тек қана адамның дене мүмкіндіктерін шыңдаса, қазақ гимнастикасының түп-төркінінде туған халқымыздың ұмытыла бастаған дәстүрлері де бар. Қазірде біз Айкөненің басты символын шаңырақ бейнесінде алсақ, бұған қатысушылардың киетін костюмдері де қазақи үлгіде.
Сондай-ақ, бүгінде тексеруден өткен жаттығулар саны біразға жетті. Мойынға, басқа, белге, бел омыртқасына, қол, аяқ бұлшық еттеріне арналған түрлі жаттығу түрлеріне болашақта қазақ руларының аттарын қоюды мақсат тұттым. Бұдан «Дене жаттығуларына ру мен жүздің қанша қатысы бар?» деген сауалдың туындайтыны әбден заңды. Менің басты мақсатым – әр ұлттың өкілі болашақта осы жаттығуларды жасай отырып, қазақ халқының тарихына үңілсін, туған халқымыздың құндылықтарын бағалай білсін, жалпы, қазақты әлем танысын деген ойға саяды.
Сұрақ: – «Қазақ гимнастикасы» деп ат қойып, айдар тағып, оны Қазақстанда емес, өзге елде дәріптеуіңіздің мәнісін түсіне алмадық…
Абай Баймағамбетов: – Өзім орыс мектебінде оқып, орысы көп жерде өсіп-өнгендіктен бұл жаттығулардың барлығын бірден қазақшалау маған қиынға соқты. Сондықтан да тәуекелге бел буып, 2003-ші жылы бірден Санкт-Петербургке жол тарттым. Менің қолымдағы халық емшісі ретіндегі заңды дипломым бұл жерде біраз медициналық орталықтардың есігінен именбей енуіме себепкер болды. Сол жылы ондағы айтулы спортшылар мен тренерлер, емдеу-сауықтыру орталықтары мамандарының алдында «Айкөне» авторлық жобасының таныстырылымын өткізіп, қолдау таптым. Арнайы сараптамадан өтіп, заңды патент алдым. Бұдан кейін менің бастамама қызығушылық танытқан жандармен бірге Санкт-Петербургте шағын орталық ашып, жеке де, топтармен де жаттығу жұмыстарын жүргіздім.
Келе-келе Санкт-Петербург Мемлекеттік педиатриялық медициналық академиясының профессоры Г.Сусловпен, В.Бехтерев атындағы ғылыми-зерттеу институтының профессоры, медицина ғылымының докторы В.Слезинмен бірлесе отырып, «Айкөне» – қазақ гимнастикасының ғылыми-медициналық тұжырымдамасын да әзірледік. Мен мұнымен ғана шектеліп қоймай, 2006-шы жылы Мәскеуде де тағы бір орталық аштым.
Сұрақ: – Сіздің аталмыш жобаңызды қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жаңа технология деуге негіз бар ма?
Абай Баймағамбетов: – «Айкөне» – қазақ гимнастикасының бастау алғанына биыл он жылдан асты. Бүгінде бұл ҚР Денсаулық сақтау және спорт министрлігінің сараптамасынан өткен жаңа технология. Қазірде аталмыш жаттығу түрлеріне қатысушылар мен нұсқаушылардың жас мөлшерлері де, мамандықтары да әрқилы. Олардың арасында қатардағы спортшылармен қатар әлемдік аренада ел намысын қорғаған, сол жолда буын, бел омыртқа ауруларына шалдыққан және осы жаттығулар арқылы айыққан спорт майталмандары да бар. Айтулы спортшыларымызды сайыстарда жеңіске жетуге жетелейтін басты факторлар, атап айтқанда, олардың бұлшық еттері мен буын жүйелерінің қызуы толыққанды болмауы салдарынан оның арты түрлі жарақаттарға әкелетіні сөзсіз. Адамның тірек – қозғалыс аппаратындағы ақаулықтар, мәселен, спортшылардың жаттығу кезінде өздері де байқай бермейтін буынға тұз жиналу, құяң, сіңірдің созылуы секілді кеселдердің алдын-алуда қазақ гимнастикасының ролі зор.
Жалпы, «Айкөне» жаттығулары тұтастай алғанда, адамның бұлшық еттерінің қалыпты жиырылу принципін басшылыққа алып, оның ерік-жігерін бір арнаға тоғыстыра отырып жүргізілетін ерекше динамикалық жаттығулардың жиынтығы. Нақтырақ айтсақ, жаттығулардың түрлері иілу, бүгілу, аяқтың қырымен, өкшемен бірнеше минут тоқтаусыз жүру, екі аяқты иықтың деңгейінде қойып отырып, белгілі бір уақыт аясында омыртқаны шынықтыру, кеудені кере, кең тыныста дем алып, оны баяу қайтадан кері шығара білу, ойды бір арнаға тоғыстырып, жағымсыз эмоциядан арылу секілді түр-түрге бөлініп кете береді.
Бүгінгі таңда мұндай жаттығулардың саны 1000-ға дейін жетті. Аталмыш қазақ гимнастикасымен жеке немесе топ болып та арнайы инструкторлардың нұсқауымен айналысуларына кез келген жанның мүмкіндігі бар.
Сұрақ: – Сіздің туған жерге оралуыңыз бұл бастамаңыздың тың парақтарының ашылуына деген тағы бір талпынысыңыз деуге болатын шығар?
Абай Баймағамбетов: – Алматыда негізгі орталығымызды ашып, осы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жүргізудеміз. Тағы бір бөлімшемізді Павлодарда аштық. Біздің орталыққа келушілерді жаттықтыратындар – жоғары білімді нұсқаушылар.
Қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің әлеуметтік факультетінің денешынықтыру және спорт кафедрасымен бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ Айкөнені білім беру жүйелеріне енгізу турасында да мәселелер талқылануда. Бұл жобаны мен болашақтың жобасы, тұтастай «фитнес-психотехнология» деп атар едім, өйткені ол өз тұрғысында адам ағзасы мен санасын қалыпқа келтірумен ғана емес, сонымен қатар жан иесінің өмірге деген көзқарасының, таным-түсінігінің жаңарып, жаңғыруына, психологиялық кереғар пікірлерінен арылуына, эгоистік пиғылдарының тамырына түбегейлі балта шабылуына ықпал ете алуымен де ерекшеленбек.
– Әңгімеңізге рахмет. Ісіңізге сәттілік тілейміз.
Арай Сахариева
Ақпарат дерекнамасы: http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/5143-2012-05-31-04-56-29.html
More
КАЗАХСКАЯ ГИМНАСТИКА АЙКУНЕ
Дорогие читатели, возможно, вам уже приходилось слышать про тюркскую или казахскую гимнастику Айкуне. Эта статья вкратце расскажет об ее особенностях, истории развития, механизме ее оздоровительного воздействия на организм человека и перспективах на будущее.
Казахская гимнастика Айкуне является авторской методикой Абая Емши, родом из павлодарской потомственной семьи целителей и костоправов. Собственными усилиями он восстановил свое здоровье после военной службы в Афганистане, что позволило ему открыть реабилитационный центр для участников войны, в котором Абай Емши излечивал от постафганского синдрома. Проработав в различных медицинских учреждениях и ассоциациях целителей, потомственный целитель получил бесценный опыт для разработки своего способа оздоровления – гимнастики Айкуне.
Айкуне берет свое развитие в РФ. Гимнастика имеет 2 патента, прошла апробацию в Новосибирске, а в Санкт-Петербурге и Москве работают клиники «Мастерская здоровья Абая Емши». Бесценную пользу гимнастика Айкуне принесла более 10000 людям, излечив их от таких болезней как ДЦП, болезней позвоночника и суставов, ожирения, посттравматических стрессов.
Абай Емши раскрыл причины тех или иных заболеваний тела, до которых еще никто не догадывался. Оказывается, источником многих болезней являются «ленивые» мышцы, находящиеся в малоподвижности, и перенапряженные мышцы. Правильное воздействие на них помогает избавиться от недуга. В основе гимнастики лежит принцип чередования изометрического напряжения и медленного расслабления. Умеренные нагрузки делают гимнастику подходящей для инвалидов и людям с ограниченными возможностями.
Слово Айкуне означает «открой свою душу, говори истинно, поговори с собой, со своей совестью». По словам автора методики, физические упражнения являются лишь верхушкой айсберга, значительная часть оздоровления приходится на внутреннюю психо-эмоциональную работу, духовную работу над собой.
Достоинством исцеления посредством гимнастики Айкуне является не только высокая эффективность, но и сохранение целостности организма без всякого для него вреда и перегрузки, а также упражнения можно выполнять в положении сидя, что делает возможным упражняться на рабочем месте, в транспорте и дома.
Гимнастика Айкуне является светской по сути, то есть не носит в себе мифологического или религиозного смысла.
За 13 лет в России тюркская гимнастика получила признание ведущими научными специалистами, положительные отзывы от пациентов и фундаментальную научно-методологическую основу, а Абай Емши за свой доблестный труд награжден дипломом «Магистра народной медицины»(1996) и назван «Лучшим целителем России»(1997).
С лета 2011 года Айкуне продолжает свое разностороннее развитие в Казахстане, на родине Абая Емши. Если в настоящее время разработано свыше 1000 упражнений, то лишь 50 из них стали известны приближенным ученикам Абая Емши, остальные хранятся в секрете.
Казахская гимнастика зарекомендовала себя и в спорте. Обыкновенно после длительных тренировок спортсменам необходим отдых, расслабление и здоровое питание, а после травм – длительное лечение и восстановление сил. Олимпийский чемпион Казахстана по тяжелой атлетике Илья Ильин после очередного рывка получил травму, а за неделю восстановить нормальное состояние здоровья казалось сомнительным, тем не менее было решено применить гимнастику Айкуне и заодно проверить ее действие. К назначенному сроку состояние спортсмена было не только улучшено, но стало возможным поднятие тяжелого веса, противопоказанного во время травмы.
Об Айкуне также положительно отозвались Ермахан Ибраимов, Асет Мамбетов, балуаны Даулета Турлыханова, Жумабек Беков. Во многом вероятна возможность применения гимнастики Айкуне в спорте для быстрого восстановления сил и выносливости.
Исключительность гимнастики заключается в том, что каждому упражнению присвоено название казахского рода в соответствии с его гербом и гимном. Так казахский народ может заявить всему миру о глубоких знаниях своих корней и предков. Эмблема Айкуне – шанырак с казахским орнаментом, указывает на свое казахское происхождение.
В настоящее время в городах Алматы, Павлодар и Астана планируется открытие медицинских центров Айкуне. Абай Емши занимается написанием пособий и инструкций. В ЕНУ им. Л.Н. Гумилева Айкуне изучается на предмет внедрения в образование и спорт Казахстана.
Казахская гимнастика Айкуне как оздоровительное средство не имеет аналогов во всем мире, она не до конца изучена и малоизвестна, однако это предстоит ей в будущем. Как вдохновляющая идея — Айкуне объединяет тюркский мир и способствует развитию идеи евразийства.
Материалы для подготовки статьи получены при непосредственном диалоге с Еркином Абилхановым, коллегой Абая Емши.
Статья подготовлена для рубрики спорта журнала «Голос поколений».
More
ТЮРКСКАЯ ЙОГА
“Пять минут делаем “аргын”, потом пять минут “кипчак”. Потянулись, сделали “адай” и расслабились!”
Под аккомпанемент таких загадочных фраз на Павлодарской набережной группа людей в разноцветных футболках выполняла необычные упражнения. В массовой физзарядке на свежем воздухе была замечена самая разная публика: банковские работники, спортсмены, “жасотановцы” и даже американские преподаватели. Оказалось, никакие это не цигун и не ушу. На этот раз Абай Баймагамбетов устроил для земляков презентацию своего детища — казахской гимнастики Айкуне.
Создатель методики многим знаком по “Мастерским здоровья”. Даже побывал в гостях у программы “Малахов+” на “Первом канале”. Но в Казахстане его изобретение пока малоизвестно. Как он сам себя называет: “казах, родом из Павлодара, но проживающий в Санкт-Петербурге”. Абай Баймагамбетов потратил на создание и усовершенствование своей оздоровительной системы 13 лет.
“Айкуне” по-тюркски означает “открой свою душу, говори истинно”, — объясняет автор методики Абай Баймагамбетов. — Я патриот Казахстана. Живя в России, казахстанское гражданство не меняю. И здоровье народа для меня небезразлично”.
Гимнастика может быть профилактической и лечебной. Главное — правильно напрягать и расслаблять мускулы всего тела. В комплекс входят упражнения для мышечного корсета, который “держит” позвоночник. При регулярных занятиях, утверждает основатель айкуне-терапии, можно не только исправить осанку, но и совсем забыть про болезни суставов, позвоночника и внутренних органов. Основы гимнастики ее создатель почерпнул из секретов древнего искусства казахского костоправства. Сейчас упражнений уже больше тысячи. “А если автор — казах, то, значит, и его изобретение, гимнастика, казахская!” — говорит Абай-емши (лекарь).
“Это так интересно — гимнастика, основанная на танба, — рассказывает участница массовой спортивно-оздоровительной акции Риза Бегенаева. — Каждый казахский род имеет свой герб, эмблему — танба, их свыше тысячи. А наш земляк Абай-емши в честь этих родов из шежире называет свои упражнения. Это здорово: даже если на другом конце земли американцы будут заниматься Айкуне, то они выучат названия всех казахских родов”.
Идея о тюркской культуре здоровья возникла у Абая-емши после возвращения из Афганистана. Домой воин хоть и пришел без ранений, но из-за психологического давления боевых действий болезни стали появляться одна за другой. Вот тогда и решил Абай освоить бабушкины секреты целительства для выздоровления, что называется, своими силами — силами организма. А после того, как испытал все на себе, в реабилитационном центре стал помогать таким же, как он сам — прошедшим Афган павлодарским ребятам. Пришлось много поездить и поучиться, чтобы отточить методику, а заодно проверить на главный принцип оздоровления — “не навреди”.
Апробацию гимнастика прошла в Научно-исследовательском институте общей патологии и экологии человека Сибирского отделения Российской Академии медицинских наук в 1998 году. В 2005-м — в Санкт-Петербургской государственной педиатрической медицинской академии и в НИИ имени Бехтерева. Тогда же айкуне, как метод лечебной физкультуры, рекомендовал Комитет здравоохранения Санкт-Петербурга.
В Казахстане свою методику Абай-емши представил во время Азиады на научной конференции по проблемам физического воспитания в Евразийском университете имени Гумилева. Там же айкуне сейчас изучают — на предмет внедрения в образовательные и спортивные учреждения. Поданы документы на три патента в Казахстане, два российских подтверждения на запатентованную методику уже имеются.
Знакомство с айкуне в Павлодаре началось в среде спортсменов: футболистов, кикбоксеров, хоккеистов. Бывший спортсмен Жумабек Беков, рассказавший об эксперименте, вспоминает, как полтора года назад услышал о земляке, который “в Москве и в Санкт-Петербурге тренирует артистов и спортсменов”. Говорили, будто он даже певцу Александру Розенбауму помог.
“А ведь Розенбаум — сам бывший врач, наверное, знает, что и как, — уверен Жумабек Беков. — А вообще все болезни — от позвоночника. То там зажато, то тут передавлено, кровь не питает органы, вот они и реагируют — болят. Мы ведь обычно как стоим или сидим за компьютером? Сутулимся, горбимся или, наоборот, разваливаемся в кресле. Мышцы спины слабеют и не держат позвоночник. Даже у спортсменов такое бывает, это я по себе знаю. Сутки не спал, спина болела, как будто вагоны разгружал. А когда делал упражнение “аргын”, было ощущение, как будто по позвоночнику тепло идет. И после гимнастики все прошло. Так что я на себе испытал, что польза есть. А как патриоту, мне приятно, что у казахстанцев теперь есть своя национальная гимнастика”.
Создатель терапии Абай-емши не кичится титулами, но все же утверждает, что имеет звание “Лучший целитель России” и диплом магистра народной медицины. Упражнения с национальным колоритом научны, просты, эффективны. А главное — лишены всякой религиозной принадлежности и налета мистицизма. Хотя некоторые примеры, как рассказывают участники презентации айкуне в Павлодаре, вызывают удивление.
- Я сам бывший спортсмен и могу сказать, что комплекс, который он показывает, я видел впервые, — делится впечатлениями Жумабек Беков. - В других системах такого нет. Когда упражнения делаешь, ощущение, будто позвоночник выжимается, как тряпка при стирке. А потом наливается силой. Есть специальные упражнения на ноги, босиком надо делать, точечный массаж получается. Ведь на стопе есть проекции всех органов человека. Футболисты наши делали, кстати, за 2-3 дня до матча с “Ягеллонией”. Не знаю — или упражнения помогли, или что-то еще, но факт остается фактом: наш “Иртыш” выиграл у поляков со счетом 2:0.
Аналоги системы айкуне по терапии заболеваний позвоночника и опорно-двигательного аппарата есть во многих странах. Например, китайская гимнастика цигун или индийская йога. Принципы те же — оздоровление через натяжение позвоночника и психологическую концентрацию. В России и многих городах Казахстана популярны “потягушки для взрослых” на основе славянских древних упражнений и современных научных открытий — Белояр.
Кто-то считает подобных людей шаманами, шарлатанами, отступниками от официальной медицины. А кто-то — новаторами и спасителями, подсказавшими путь к самостоятельному исцелению. Однозначного мнения на этот счет нет. Но и для тех, и для других чужеземные нетрадиционные методики зачастую становятся лишь экзотической модой. А своя рубаха ближе к телу.
В планах Абая-емши Баймагамбетова — создание центров по продвижению айкуне в родном Павлодаре, а также в Астане и Алматы. Но самое важное, подчеркивает основоположник философии здоровья, пробудить интерес к тюркской культуре, истории и языку — как в Казахстане, так и в других странах. Потому и эмблему для айкуне выбрали не случайно — круг шанырака с казахским орнаментом.
Ирина Ковалева из Павлодара
Источник: http://www.np.kz/index.php?newsid=8705
More
АБАЙДЫҢ ЕМДІК «АЙКӨНЕСІ» немесе қазақтың ұлттық жаттығулары
Атам қазақ атқа мiнуде алдына жан салған ба?.. Ат үстiнде отырып, үлкен астарда екi қолымен екi табақ ет таситын шеберлiкке ие болған ғой. Иә, қаршадайынан ат құлағында ойнап өсетiн өрен үшiн бұл таңсық жәй емес. Әйтсе де бүгiнде қой бағып, құйрық жеп өсетiн ауыл қазағы болмаса, көк жәшiкке телмiрiп, немесе ауладағы әткеншекпен ойнап өсетiн қала қазағынан сондай шеберлiк шығады деп айта алмаймыз. Осы орайда, қазақтың ежелгi малдас құруы, атқа отыруы және басқа да өзiне тән қасиеттерiнен өрбитiн дене қимылдарын топтастырып, ұлттық жаттығулар кешенiн жасаған Абай Баймағамбет бауырымыз туралы бiлер ме екенбiз?..
Керекуде өсiп, 12 жыл Ресейде тұрып келген Абай Ағатұлымен бiр сұхбаттасудың сәтi түскен едi:
– Ресейде өткен 12 жылымда Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосiбiр мен Омбыда жаттығуларымды насихаттадым. Мұным бағаланып, 1998 жылы Новосiбiрдегi Академқалашықтан және 2005 жылы Санкт-Петербор университетiнен шақырту алдым. Сөйтiп, 2005 жылы жаттығуларым емдiк қасиетi бар деп мойындалып, Санкт-Петерборда РФ Денсаулық сақтау комитетiнiң әдiсi ретiнде енгiзiлдi. Онда менiң гимнастикаларым сауықтыру шаралары ретiнде саналады. Сөйтiп, ол жақта медициналық лицензия алып, көнетерапия бағытында жұмыс iстей бастадым. Барлық ойлап шығарған жаттығуларымды қазақтың «Көне» дейтiн жаттығулар кешенiне топтастырдым, – дейдi Абай.
Сөйтiп, «Айкөненi» былтырғы желтоқсаннан бастап Азия аумағы мен Қазақстанда тарату басталды. Бүгiнде Павлодар пединститутының спорт факультетi, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi әлеуметтiк ғылымдар факультетiнiң денешынықтыру кафедрасы және Алматыдағы «Қайнар» жекеменшiк университетiмен бiрлескен жобалар жасалған. Әзiрге аталған үш жоғары оқу орындарының базаларында жұмыстар жүргiзiлуде.
Жалпы, «Айкөне» – бiрнеше мағынаны бiлдiретiн сөз. Бiрiншiден, бiзге нұрын төгiп тұратын Ай және Күн атауларының бiрiгуi десек, екiншiден, «ежелгi Ай» деген мағынаны бередi. Осылай деген Абай Ағатұлы алдағы мамыр айында Түркияға баруды жоспарлап отырғандарын айтты. Соған байланысты қазiр осы жаттығулар жөнiнде деректi фильм түсiрiлу үстiнде екен. Бұндағы мақсат – жаттығуларды Түркия елiнде де дамыту.
– Бұл жаттығулардың әр түрлi қалыпта – тұрып, отырып, жатып немесе жүрiп, жүгiрiп те жасау түрлерi бар. Алғашқы жаттығуларым 1998 жылы Павлодарда пайда болып, бәрi 40-тай жаттығуға көбейдi. Одан соң Санкт-Петерборда гимнастикалар түрi мыңға дейiн артты. Алайда, бұлар физикалық жаттығулар кешенiне кiредi. Сонымен қатар, әртүрлi жағдайдағы сана жаттығулары, яғни, ғылым тiлiмен айтқанда, транс күйдегi жатығулар да бар. Адамдар осындай жаттығулар жасау арқылы өзiнiң iшкi дене мүшелерiне өзгерiс енгiзе алады. Сөйтiп, олар бойындағы маскүнемдiк, нашақорлық немесе ойынқұмарлық сияқты жаман қасиеттерден арылып, керiсiнше, шығармашыл, талапты бола түседi, әр түрлi саладағы адамдармен қарым-қатынасы түзеледi. Мұндай жаттығулар 9 мыңнан астам, – дейдi Абай.
Осы жаттығулар мен қазақтың «Айкөнесi» қосылып «Түркi денсаулық мәдениетi» жүйесiн жасайды. Жалпы, түркi халықтарының жаттығулар кешенiн жасауда Абай жобаның бүкiл түркi халықтарының бiрлiгiн нығайту мақсатын көздейтiнiн айтады. Осы мақсатта 9 мыңнан аса жаттығуды барлық түркi халықтарының тiлдерiмен атаған. Яғни, «Айкөнеден» бөлек 9 мың жаттығудың бiреуi бұлғарлар тiлiнде болса, бiрi қарашай, ендi бiрi татарша, бiрi ұйғыр тiлiнде аталады.
Жалпы, осы жаттығулар кешенiне қатысты Новосiбiрде, Санкт-Петербургте ғылыми зерттеулер жүргiзiлген. Алдағы уақытта жоғарыда аталған қазақстандық 3 ЖОО базаларында ғылыми зерттеулер жүргiзу жоспарлануда. Осы ретте, «Айкөне» жаттығуларын халық арасында таратуда, сiңдiруде Абайға қолғабыс көрсетiп жүрген жеке кәсiпкер Еркiн Әбiлханұлы:
– Абаймен 10 жылдай уақыттан берi таныспын. Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының жиындарына, Мәскеудегi қазақ диаспорасына барып жүрiп, сондағы «Қазақ тiлi» газетiнiң Бас редакторы бiздi таныстырған болатын. Өзi емшiлiк қасиетiмен қатар, iскер азамат. Бизнестегi бренд, франчайзинг дегендердi толық меңгерген. Ол бауырымыз сонау жырақта, Ресейде жүрiп, қазақтық, ұлттық нақыштағы денешынықтыру, денеайықтыру жаттығуларын ойлап тауып, оны Ресейде ғылымға енгiзген, Ресейдiң мемлекеттiк патентiн алып, ежелгi қазақ және түркi айықтыру жаттығуларын ойлап тапқан жiгiт. Ол ата жағынан да, ана жағынан да сынықшылардың ұрпағы, яғни, тектi жiгiт, – дейдi.
Бүгiнгi алмағайып заманда әр түрлi секталардың арбауына түсiп немесе үндiнiң «йогасы» мен қытайдың небiр «у-шу»-ларына елiтiп жүрген қазақ жастары үшiн Абай Баймағамбеттiң бұл жаңалығы таптырмас ем десек болатын шығар. Тiптi, Төле би мен Фурманов көшелерiнiң қиылысындағы (Төле би, 64-үй) «йога-орталық» ненiң жемiсi екенi айтпаса да түсiнiктi.
Айта кетерлiк бiр жәйт, Абай елге келген соң, Елбасына осы өнердi көтеру, елiмiзде дамыту туралы арнайы хат жазған екен. Сонымен қатар, Ресейде осы «Айкөне» жаттығуларын пайдалану бойынша бiрнеше ғалым кандидаттық диссертация да қорғапты. Ендеше, өз елiмiзде ұлттық жаттығуларымызды неге дамытпасқа деген ой туады.
Ербол Тұрымбетов
Ақпарат дерекнамасы: http://almaty-akshamy.kz/?p=2539
More