Blog Section

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін емдейтін мектеп ашылмақ. «24 KZ» жаңалықтар арнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін емдейтін мектеп ашылды.

Әзірге мамандар 30-ға жуық баланы қабылдап, әрқайсымен жеке жұмыс жүргізуде. Аталған мектепте инновациялық әдіс бойынша балалар әр гимнастикалық жаттығуды күтушілерімен бірге орындайды. Мұнда әр науқас күніне 2 сағат бойы 6 түрлі спорттық қимылды жасайды. Үйде осы жаттығуларды жарты сағат көлемінде қайталауы керек. Ресей, Үндістан, Украинада қолданылған бұл әдіспен 10 мыңға жуық бала емделген. Ал, елімізде тек соңғы жылдары қолға алынып келеді. Мамандар аталған әдіс арқылы сал ауруынан бастап, омыртқа, көз, тыныс және өкпе мүшелерінің ауруларын емдеуге болатындығын айтады.

Абай БАЙМАҒАМБЕТОВ, профессор, инновациялық әдістің авторы:

- Егер ата-аналар балаларын сауықтыру үшін бар күшін салып, балаларына гимнастикалық жаттығуларды жасап тұрса, 3-5 жыл көлемінде баланың денсаулығы әлдеқайда жақсарады. Мен бұл әдісті 10 жылы бойы зерттеп келемін. Ем балалар жаттығуларын үздіксіз орындаса ғана нәтиже береді

Бикен ӘБІШЕВА, қала тұрғыны:

- Менің немерем сал ауруына шалдыққан. Қол аяғы тартылып тұрады. Осы әдіспен емделгелі бері арқасын ұстап тұра алатын болды, қолдарының дірілдегені қойды.

http://www.24.kz/index.php/ru/zhanalyktar/densaulyk/item/mumki-di-i-shekte-li-b-l-l-rdy-te-i-emdejti-mektep-shylm-q